Арыстағы кезекті өрт: ТЖК қызыл жалынның неден шыққанын айтты
Опубликовано:
Арыс қаласында жөндеу-эксплуатация депосынан шыққан аумағы 2040 шаршы метрді қамтитын өрт сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өрт 2040 шаршы метр аумақты қамтыды.
Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай комитетінің жеке құрамынан 41 қызметкер мен 10 техника тартылғаны хабарланды.
Сондай-ақ, стансаның 8 қызметкері де жалынды ауыздықтауға атсалысқан.
Өрт 16:45-те толығымен сөндірілді.
Айта кетейік, бүгін Арыста тағы өрт шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804218-arystagy-kezekti-rt-tzk-kyzyl-zalynny-neden-sykkanyn-ajtty/