ШҚО-да шахта жұмысшысы қаза тапты

Опубликовано:

ШҚО-дағы "Востокцветмет" ЖШС Орлов шахтасында кен қабаты құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір кенші ауруханада жатыр деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Instagram

Оқиға кеше түнде орын алған. Жұмысшы тау-кен массасының опырылуы салдарынан аса ауыр жарақат алып, қаза тапты.

Тағы бір кенші ауруханаға жеткізілді.

Арнайы құрылған комиссия төтенше жағдайдың себептерін анықтап жатыр. Мекеме басшылары марқұмның туысқандарына көңіл айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804538-sko-da-sahta-zmyssysy-kaza-tapty/