Кентауда бір жасар бала терезеден құлап, қаза тапты

Опубликовано:

Қайғылы оқиға 13 шілде күні Түркістан облысындағы Кентау қаласында орын алды. 2018 жылы туған бала терезеден құлап, қаза тапты деп хабарлайды ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: medium.com
Көрнекі сурет: medium.com: Instagram

Бүлдіршін Сейфулин көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен. Анықталғандай, оқиға баланың қараусыз сатған сәтте орын алған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет ата-аналарға балаларын жалғыз қалдырмауын сұрап, москит торларының қауіптілігі жөнінде ескертті.

Олар балалардың салмағын көтере алмайды. Алайда, бүлдіршіндер оның артында өзін қауіпсіздікте сезінгендіктен торға сүйенемін деп құлап кетіп жатады.

Құтқарушылар балалардың терезе алдына шығуына көмектесетін барлық заттарды алып тастауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804571-kentauda-bir-zasar-bala-terezeden-klap-kaza-tapty/