Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда кәріз құдығына құлап, қайтыс болғандардың саны үшеуге жетті

Опубликовано:

Бүгін, 16 шілдеде Қарағандыда кәріз құдығына құлап, құтқарушылар алып шыққан екі ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Салдарынан қаза тапқандардың саны үш адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Дәрігерлер екі азаматтың өмірін сақтап қала алмады. Марқұм болғандардың бірі кәріз құдығына құлаған. Ал екінші ер адам оны құтқаруға ұмтылған.

"Оқиға орнында полиция қызмет етуде", - деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін 16 шілде таңғы 4-те қарағандылық тұрғын кәріз құдығына құлап кеткен болатын. Ер адамды құтқару үшін көмекке ұлы мен көршісі келген.

Кейін олардың үшеуінде құтқарушылар алып шыққан.

Ер адамның ұлы күкіртсутек газымен уланып қалып, оқиға орнында көз жұмса, қалған екі тұрғын жансақтау бөліміне түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804935-karagandyda-kriz-kdygyna-klap-kaza-tapkandardy-sany-seuge-zetti/

pixel