Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртке оранған қойма маңында өрт сөндіру көлігі жол апатына түсті (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласында өрт сөндіру техникасы мен кем дегенде екі көліктің қатысуымен болған жол апаты орын алды. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан оқиғаның Омаров көшесіндегі өрт маңында болғанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео kris_p_brothers_official парақшасында пайда болды. Жазба астында арнайы техниканың қажетті дабылды қоспай, қарсы жолаққа шығып кеткендігі айтылған.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілердің бүгін, 18 шілде күні таңертең жанып кеткен лак-бояу бұйымдары қоймасындағы өртті сөндіруге бара жатқаны хабарланды.

KAZ.NUR.KZ редакциясы жол апатына қатысты түсініктеме алу үшін Алматы қаласының полициясына жүгінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805520-almatyda-rtke-orangan-kojma-maynda-rt-sndiru-kligi-zol-apatyna-tsti-foto/

pixel