Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жыл бұрын қаза тапқан Денис Тенді достары еске алды (фото)

Опубликовано:

Осыдан бір жыл бұрын Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Тенді өнердегі достары еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елімізге танымал жұлдыздар мәнерлеп сырғанаушы жайлы естеліктерін парақшасына жариялаған.

Киноактер Санжар Мәди: "Бір жыл өтті. Есімдесің... Жақсы көремін. Сағындым, бауырым", - деп спортшымен түскен видеосын жариялады.

Ал Әли Оқапов досынынан айырылғанына бір жыл өткенін жазып қойды.

Отандық актриса Аружан Жазылбекова спортшымен түскен суретін желіге жүктеп, "Мәңгі менің жүрегімдесің", - деген жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы, мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері Денис Тен былтырғы жылдың 19 шілдесінде Алматыдағы Құрманғазы-Байсейітова көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805990-bir-zyl-bryn-kaza-tapkan-denis-tendi-dostary-eske-aldy-foto/

pixel