Сәтпаевта бес жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Опубликовано:
Сатпаевта ата-анасы мен әпкелерінің қарауынсыз қалған бес жасар балақай төртінші қабаттан құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүлдіршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен бала ауыр жарақаттар алған. Оның өмірі үшін қаланың орталық аурухана дәрігерлері күресуде.
"Өкінішке қарай, өңірде пластик терезелері торлармен қоршалмаған тұрғын үйлер көп.
Бұл баланың биіктіктен құлап кетіп, жарақат алған 11-жағдайы", - деп хабарланды Қарағанды облысы төтенше жағдайдар департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта баланың ата-анасымен ювеналды полиция жұмыс істеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1806919-satpaevta-bes-zasar-bala-trtinsi-kabattan-klap-ketti/