Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінде 52 жастағы азаматты өлтіріп кетті

Опубликовано:

28 шілде күні кешке Атыраудағы Алмагүл ықшам ауданында 52 жастағы азаматты өлтіріп кетті. Бұл туралы "Ақ Жайыққа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ Фото: Ақ Жайық және NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ Фото: Ақ Жайық және NUR.KZ: Facebook

Басылымның хабарлауынша, белгісіз біреу азаматтың ішінен пышақпен бірнеше рет ұрған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Деректерге сәйкес, марқұм Алмагүл ауданында тұрмаған. Өлтіру фактісі орын алған подъезде бейнекамералар орнатылмаған.

Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол 1966 жылы туған азамат болып шықты. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808103-atyraudagy-kpkabatty-jlerdi-birinde-52-zastagy-azamatty-ltirip-ketti/