Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Алматыда 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін, 2 тамыз күні Қонаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алды деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Болжам бойынша, балақай абайсызда төменге ырғып кеткен.

Жоғарғы қабаттан құлап басынан ауыр соққы алған бүлдіршін жедел жәрдем келіп жеткенше оқиға орнында көз жұмды.

Көршілердің сөзінше, бала жерге құлаған соң анасы далаға жүгіріп шыққан. Ол ұлының терезе жақтауына мінгенін байқамай қалған.

Бала терезенің торымен бірге жерге құлаған. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Дереккө: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809043-almatyda-s-zasar-bala-trtinsi-kabattan-klap-ketti/

pixel