Алматыда ағаштың бұтағы құлап, көліктерді зақымдады (фото)
Опубликовано:
Назарбаев даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында ағаштың бұтағы құлап, көліктер мен кабельдік сымдарды зақымдады деп хабарлайды Zakon.kz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұтақтың құлауы салдарынан Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі зардап шекті.

Сондай-ақ, кабельдік сымдарды үзіп, нәтижесінде жол үстінде тұрған және қалған көліктердің қозғалысы қиындай түсті.

Басылымның хабарлауынша, жаңалықтарды жариялау кезінде оқиға орнында ешқандай қызмет болған жоқ.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809045-almatyda-agasty-btagy-klap-klikterdi-zakymdady-foto/