Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Опубликовано:

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты. Тағы бір адам ауыр халде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

2 тамыз күні кешкі уақытта Төлеби ауданының аймағы Алматы-Ташкент -Термез жолында жол апаты орын алды.

Шымкент қаласына қарай бағыт алған жүк көлігі қарама қарсы бағытқа шығып кетіп, "Ауди" маркалы жеңіл көлігі мен "Камаз" жүк көлігімен соқтығысып, содан соң жанып кеткен.

Жол көлік оқиғасының салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жетпестен көз жұмды.

Сондай-ақ "Ауди" көлігінің бір жолаушысы дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне жеткізілді. "Камаз" көлігінің жүргізушісі дін аман.

"Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән жайын анықтауда", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809083-trkistan-oblysynda-zol-apatynan-trt-adam-kaza-tapty/

pixel