Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов құлаған мұнарлы кран оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Күні кеше Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында мұнарлы кран құлап кетті. Елорда әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдайдан кейін мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ашық дереккөздерден, / bnews.kz. Алтай Кульгинов. Фото: twitter.com/AltayKulginov
Фото: ашық дереккөздерден, / bnews.kz. Алтай Кульгинов. Фото: twitter.com/AltayKulginov: UGC

Нұр-Сұлтан басшысы Twitter парақшасында оқиғаға қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, қазіргі таңда елордада құрылыс кез келген уақытта жүре береді. Ол қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін атап өтті.

Көлгінов төтенше жағдайда ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Оқиға құрбандары да жоқ.

"Тиісті органдарға қауіпсіздік шараларын қатаңдатуды тапсырдым" , - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809186-klginov-klagan-mnarly-kran-okigasyna-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel