Оралда балалар алаңына ағаш құлап кетті (фото)
Опубликовано:
Оралда көпқабатты үйдің ауласында орналасқан балалар алаңына екі бірдей ағаш құлап кетті. Автокөлік иелері ағаштарды уақытылы кеспейтін коммуналдық қызметкерлерге шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқыс жағдай күндізгі 15:00 шамасында болған. Локомотивная көшесіндегі №61 үйдің тұрғындары желдің күштілігінен екі ағаш құлап кеткенін айтты.
"Бұл балалар алаңы, мұнда әрдайым кішкентай ұлдар мен қыздар ойнайды. Адамдар өліп, трагедия болуы мүмкін еді. Пәтер иелері кооперативі ағашты кеспейді", - деді тұрғындардың бірі.

Зақымданған көлік иелері әзірге кімге шағымданарын білмейді.
Менің "Лада-Самара" көлігім зақымданды. Алдыңғы әйнек сынды, капот майысты, жанындағы терезем шағылды. Қазір полиция шақырдық, протокол толтырамыз. Көршімнің "Hyundai" көлігіне де ағаш құлаған" , - деді көлік иелерінің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809380-oralda-balalar-alayna-agas-klap-ketti-foto/