Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әпкесіне көмекке барған ер адам жездесін өлтіріп алды

Опубликовано:

Алматы облысындағы Талғар ауданының Кеңдала кентінде ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігелер оны ажалдан құтқара алмады. Тергеу кезінде ер азаматтың жарақатты қалай алғаны анықталды деп хабарлайды ішкі істер министрлігініне сілтеме жасағана Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Табылды Кадырбеков
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Табылды Кадырбеков: Depositphotos

Ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз қайтыс болған ер адамның жұбайына ұрынғанын айтты.

"Қауқарсыз әйел көмекке өз інісін шақырған. Балдызын көрген жездесі одан сайын арқаланып, қолындағы пышағын сермей бастаған көрінеді. Оны тыныштындыруға тырысқан балдызы амалсыз соққы жасағанын айтып отыр. Жәбірленуші жерге құлап, басынан қатты жарақат алса керек", - деді ол.

Нұрділдә Ораз соққы жасаған азаматтың кезінде бокспен айналысқанын да жеткізді.

Оның сөзінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тиісті сараптама тағайындалғаны белгілі болды.

Басылым тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1809595-almaty-oblysynda-pkesine-kmekke-bargan-er-adam-zezdesin-ltirip-aldy/

pixel