СҚО-да анасы мен қызын өлтіріп кетті

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреу 39 жастағы әйел мен оның үш жасар қызын өлтірген деп хабарлайды облыстық полиция депараментіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат".

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Мәмлүт ауданының орталығында болған.

"Үйдің ауласындағы қорадан 39 жастағы әйел мен үш жасар қызының пышақталған денелері табылды. Қылмысқа күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 25 жастағы танысы ұсталды" , - деді ПД өкілі.

Оқиғаға қатысты адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.

Күдікті ретінде танылған ер адам сол ауданның тұрғыны болып шыққан. Сондай-ақ, оның бұған дейін сотталғаны анықталған.

Ол аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810161-sko-da-anasy-men-kyzyn-ltirip-ketti/