Алматылық ТЖД басшысы Көк-Төбедегі өртті қалай өшіріп жатқанын айтты
Опубликовано:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров Көк-Төбеде болып жатқан өртті жою жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын баяндады. Ол бұл туралы егжей-тегжейлі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әубәкіровтің сөзінше, 30 адам және 6 техника бірлігі қызыл жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған. Оқиға орнында су тасу көлігі жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, ол өрт шыққан жердің қолайсыз тұстары жұмысқа кедергі келтіріп жатқанын жеткізді.
"Техникалық көліктер жолдан өте алмай жатыр. Жаяу жүріп жұмыс ітсеуге тура келуде", - деп атап өтті мегаполис ТЖД басшысы.
Жеке сектормен шекарада шоғырланған жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Әубәкіровтің айтуынша, өрт оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан, шамамен сағат 17: 31-де шыққан.
Естеріңзге сала кетсек, бұған дейін Алматыда Көк-Төбе телемұнарасына жақын жерде өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810389-almatylyk-tzd-bassysy-kk-tbedegi-rtti-kalaj-sirip-zatkanyn-ajtty/