Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы да бір өрт шыққан жерден адамның денесі табылды (видео)

Опубликовано:

Алматыда кеше Көктебе ауданында екі бірдей ірі өрт болды. Алайда келеңсіз оқиғалар бір-біріне байланысты емес. Бұл туралы оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Бірінші жағдайда құрғақ шөптен өрт шыққан, бұл туралы біз бұрын хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнына екі тікұшақ жіберілді. Қызыл жалынды ауыздықтан үшін бес сағаттан аса уақыт кеткен.

Екінші жағдайда да құрғақ шөптер өртенді, бұл жолғысы біріншісінен төмен жақта, Диваев көшесінің бойымен шатқал арқылы өткенде № 21 үйге қарсы жерде болған.

Қызыл жалын мың шаршы метрге жайылған деп оқиғаның мән-жайын айтты Әубәкіров.

Сондай-ақ, ТЖД басшысы тілсіз жауды ауыздықтау барысында оқиға орнынан адамның денесі табылғанын, қазіргі уақытта мәйіттің жеке тұлғасы анықталып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Серік Әубәкіров екі оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ екенін де мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810412-almatyda-rt-bolgan-zerden-adamny-denesi-tabyldy-video/

pixel