"Тальгода" жолсеріктер зорлаған ару камера алдында шындықты жайып салды
Опубликовано:
"Тальго" пойызында жолсеріктерден зорлық әрекеттерін көрген бойжеткен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі "дөңгелек үстел" барысында оқиғаның егжей-тегжейін, сондай-ақ, істі сотқа жеткізуге оған кім және қалай көмектескені туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл қорқынышты, қайта қалпына келмейтін қасірет. Қолдауларыңыз бен түсініктік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Әлеуметтік желілерде жазылған дүние көп болды", - деді зардап шеккен қыз.
Оның сөзіше, аталған жағдайда ең қорқыныштысы - бұл пойызды халықтың 80 пайызы қолданып жүр екен.
"Мен зорлық-зомбылықты жоғарғы дәрежелі пойызда бастан кешірдім. Конференциядан кейін үйге қайтып бара жаттым. Пойызға мінгеннен кейін 3 минуттан соң ол жүріп кетті.
Шамасы, осылай болуы қажет болды. Әлі күнге дейін күйзелісте жүрмін", - дейді ару.
Оның сөзінше, ол сол сәттен бері бір де бір жобасын іске асыра алмаған. Сол себепті бойжеткен орындамаған міндеттері үшін фирмасын сатуға мәжбүр болған.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оған көмектесуге мүлде асықпапты.
"Тергеушілер мен жолсеріктер бірін-бірі қорғаштап, іске немқұрайлы қарады. Олардың пікірінше, егер сен зорлық құрбаны болғаныңды айтсаң, демек, ақша көксеп тұрсың. Олар үшін бұл қалыпты нәрсе.
Ешкім жәбірленушіні қолдамайды. Олар істі жабуға тырысады. Тергеушілер мені татуласуға итермеледі. Олар жолсеріктердің сөзіне сенді", - дейді ару.
Ол осы істің төңірегінде дау тудырғысы келмегенін мойындады, бірақ тергеушілердің іс-әрекетіне байланысты "Немолчи" қорына көмекке жүгінуге мәжбүр болған.
"Мен жай ғана тергеуден өткен жоқпын. Мен қасіреттен өттім. Денемді пайдаланған осы қылмыскерлер үшін өмірімнің бір жылын жоғалттым. Мен жәбірленуші ретінде жыныстық зорлық-зомбылық бойынша заңды қатаңдатуды сұраймын. Мен балалар мен әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұраймын", - деді бойжеткен.
Естеріңізге сала кетейік, зорлық-зомбылық іс-әрекеттеріне кінәлі деп танылған жолсеріктер 2,5 жылды арқалады.
Аталған үкім қазақстандықтардың жағасын ұстатты. ІІМ Ерлан Тұрғымбаев зорлық іс-әрекетін ауыр жаза деп таныды.
Ал "ҚТЖ "ҰК" АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке үкімді қатаңдатуды сұрап, істі қайта қарау туралы өтініш білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810543-talgoda-zolserikter-zorlagan-aru-kamera-aldynda-syndykty-zajyp-saldy/