Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолсеріктермен сыра ішпедім": Тальгода зорланған бойжеткен мән-жайды баяндады

Опубликовано:

"Тальго" пойызының жолсеріктерінен зәбір көрген ару неліктен айқайлап, көмек шақырмағанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, sputniknews.kz
Фото: Видеодан кадр, sputniknews.kz: UGC
"Барлығын менің неліктен айқайламағаным қызықтырды. Мұнда психологтар бар. Әркімнің өз реакциясы бар. Мен не айқайлай, не қозғала алмаймын. Бұл менің реакциям.

Таңғы сағат 4-те ұйықтап жатқанда үстіңізге дененің құлай кеткенін сезген қорқынышты. Сен өзіңнің қайда екеніңді түсінбейсің. Жабық кеңістік. Өз-өзіңмен тұйықталып қалатын секілдісің.

Ең бастысы, сені өлтіріп кетпесе болды. Бұл сені жансыз ететін қорқыныш. Сіздер мені расымен де жатып алып, екінші жолсерікті күтті деп ойлайсыздар ма? Бұл тергеудің сөзі еді.

Бұл мен айқайламаған уақытта болды. Мен осылай абдырап қалғанымды айтамын. Жолсерік менімен бір купеде жатқандарды басқа жаққа ауыстырды. Ол бәрін алдын ала ойластырған.
Менің мас болған-болмағаным туралы көп сұрақ қойылды. Мен жолсерікпен сыра ішкенім жоқ", -деп әңгімеледі ару.

Сондай-ақ, ол тәртіп сақшыларының оған көмектесуге асықпағанын хабарлады.

"Айыпталушылардың менің телефон нөмірімді тергеушілердің бергенін айтқаны туралы бейнежазбаны қарап отырғанмын. 28 қыркүйектен бастап олар маған хабарласып, менің ата-анама бара жатқандарын айтты. Ата-анам егде жаста. Олардан үйіме бармауын өтіндім.

Алайда тергеушілер ештеңе істеген жоқ. Олар жолсеріктердің сөзіне сенді. Психологиялық сараптамаға мені айыпталушылармен бірге жіберді.

Неліктен бұлай болғанын сұрап едім, тергеуші аузыма ие болып, шектен шықпауымды айтты. Оларды менің ақша алғым келгені қызықтырды", - деп атап өтті бойжеткен.

Естеріңізге сала кетейік, екі жолсерік зорлық әрекеттері үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Қоғам жазаны тым жеңіл деп таныды. Бұған қатысты аппеляция жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810571-zolseriktermen-syra-ispedim-talgoda-zbir-krgen-bojzetken-mn-zajdy-baandady/

pixel