Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы - Бішкек тас жолындағы жол апатынан бес адам қаза болды

Опубликовано:

Алматы - Бішкек бағытындағы автожолда бес адамның өмірін жалмаған жантүршіктірерлік жол апаты болды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Жол апаты Алматы облысының аумағында болған.

Shacman жүк көлігі жүргізушісінің сөзінше, ол Қырғызстан шекарасына қарай кетіп бара жатқан. Қарсы бетте Mazda 626 көлігі келе жатқан.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Бір сәтте жеңіл автокөлік әр түрлі бағытта жүре бастаған. Алдымен ол жолдың бүйіріне қарай беттейді, содан кейін, бірден ауыр жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Shacman дөңгелегіне Mazdaның соқтығысуы қатты әсер еткен. Жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік айналып, жолдың бойына тұрып қалған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

Жеңіл көлік жол апаты салдарынан қатты деформацияланып, металл үйіндісіне айналған.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Алматы - Бішкек тас жолының 84-шақырымында болған.

Оқиға орнынада бес адам, оның ішінде үш бала көз жұмған. Тағы үш адам ауруханаға жатқызылған. Адамдарды автокөліктің ішінен құтқарушылар шығарып алған.

Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810768-almaty---biskek-tas-zolyndagy-zol-apatynan-bes-adam-kaza-boldy/

pixel