Теміртауда экс-полицей өзіне тіл тигізген адамды атып өлтіріп, қашып кеткен
Жарияланған күні:
ІІМ-нің бұрынғы қызметкері рөлде отырып, Теміртаудың ортасында қиылыста тұрған өзінің қарсыласына оқ атып, одан кейін автокөлікпен қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жантүршігерлік оқиғаға марқұмның "жақсы менттер болмайды" деген сөзі түрткі болған.
Сондай-ақ, ол Сәкен Оспановтың бұрынғы қызметіне қатысты өзге де бейәдеп пікір білдірген екен.
Бұрынғы полицей ішкі істер органынан кетіп, өндірістік базаға жұмысқа кірген.
"Оспанов Димитров көшесіндегі пәтерінде Төлешов есімді жолдасымен ащы су ішкен. Дастархан басында екеуі сөзге келіп қалған. Алайда пәтердегі өзге адамдар оларды сабырға шақырыпты.
Төлешов Оспановтың бұрын-соңды ішкі істер органында қызмет еткені үшін оған тіл тигізе бастап, оның соңы жанжалға әкеп соққан.
Бір сағат өткеннен кейін Оспанов "ВАЗ 21063" көлігіне мініп, Мичурин көшесі бойымен өндірісті базаға бет алған. Онымен бір сағат бұрын сөзге келіп қалған Төлешов те жанына ілесіп алды.
Жол жөнекей олардың арасында қайта дау туып, базада жалғасын тапқан. Олар төбелесе бастапты. Алайда база күзетшісі ер адамдарды ажыратып алыпты", - деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шәріп Сисимбаев.
Күзетші ащы суға тойып алған Төлешовті шығарып жіберген. Ол өз жөнімен үйіне кетіп бара жатыпты. Алайда экс-полицей масайған жолдасын кешіруді ойламапты.
Ол ангардан шолақ мылтықты алып, "Газельге" мініп, Төлешовтің артынан шыққан. Түнгі сағат екі шамасында Қарағанды тас жолы мен Мичурин көшелерінің қиылысында жолдасын көріп, тоқтап, оң жақтағы жолаушы есігінің әйнегін ашып, терезеден оқ атқан. Ол оқ Төлешовтің дәл мойнына тиген.
"Нәтижесінде Төлешов өлімге әкеп соққан оқ жарақатынын оқиға орынында көз жұмды. Күдікті жасырынған, алайда кейінірек ұсталды. Үкім бойынша айыпталушы ҚК-тың 99 бабы "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Шәріп Сейсембаев.
Бұрынғы полицей жазасын жоғарғы қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812222-zaksy-ment-bolmajdy-temirtauda-eks-policej-zine-til-tigizgen-adamdy-ltirdi/