Аяқ-қолын байлаған: Ақмола облысында 83 жастағы әжейге шабуыл жасалды
Опубликовано:
19 тамыз күні Ақмола облысы Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Новорыбинка ауылының 83 жастағы тұрғынына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түскен деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыс орын алған уақытта белгісіз азамат қара бетпердеде болғанын анықтаған.
Ол үйге кірген бетте әжейді жерге жатқызып, аяқ-қолын скотчпен байлап тастапты. Осылайша, қарақшы жәбірленушінің 75 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы полицейлер 44 жастағы күдіктіні ұстады.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты бірқатар қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812385-aak-kolyn-bajlagan-akmola-oblysynda-83-zastagy-zejge-sabuyl-zasaldy/