Алматыда ҚазҰУ-да өрт шықты (фото)
Опубликовано:
Алматыда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғимаратында өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт бүгін түстен кейін химия факультетінің жертөлесінде болған.
Университет әкімшілігі жертөледе бояулар мен кеңсе тауарлары сақталғанын жеткізді.
"20 оқытушы өз бетінше қауіпсіз жерге шыққан", - деді ТЖД.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта өрт ауыздықталған.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812420-almatyda-kazu-da-rt-sykty-foto/