Арыста көпқабатты үйдің әйнегі жоқ терезесінен екі жасар сәби құлап кетті

Опубликовано:

Түркістан облысы Арыс қаласының екі жасар тұрғыны жарылыстан зақымданған көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Нұрбақыт есімді бүлдіршін Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосы.

пппппп
Нұржанат Ақбалаева. Фото: Азаттық: UGC

Сәбидің басына қатты зақым келген. Бұл туралы оның анасы Нұржанат Ақбалаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, 24 тамыз күні Нұрбақыт ойнап жүріп үйдің терезесінен құлап түскен.

"Құрылысшылардың терезе әйнегін алып кеткеніне бір апта болды. "Көшіңдер" деген соң үйге келіп едік. Бір аптадан асты әйнек салмады.
Ойнап жүрген балам терезеден басымен жерге құлады. Басы жарылып, қан ұйып қалған. Кешеден бері жан сақтау бөлімінде жатыр", - деді анасы.

Облыстық балалар ауруханасының реаниматолог дәрігері Толқынай Маханова Нұрбақыт Жолдасбектің жағдайы ауыр екенін растады.

Маманның сөзінше, сенбі күні кешке жансақтау бөліміне түскен баланың миына зақым келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812839-arysta-kpkabatty-jdi-jnegi-zok-terezesinen-eki-zasar-sbi-klap-ketti/