"КамАЗ-дан секірген": Алматыда көше тазалайтын жұмысшы көлік астына түсті

Опубликовано:

Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты Тілендиев және Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ffffff
Фото: Sputnik / Стрингер: Twitter

Volkswagen Passat солтүстік бағытта Тілендиев көшесімен кетіп бара жатады. Шәкәрім көшесінің қиылысында қаланы тазалау жұмыстарымен айналысатын КамАЗ тоқтап тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы КамАЗ-дан секіріп түскен кезде, Passat көлігінің үстіне құлаған.

Volkswagen Passat тұрақта тұрған Nissan Cefiro көлігін де соғып кетіпті.

Жұмысшы көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812890-kamaz-dan-sekirgen-almatyda-kse-tazalajtyn-zmyssy-klik-astyna-tsti/