Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда депутат қалашығынан өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері қызыл жалын шарпыған аумаққа дереу аттанды деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

депутатский
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД: UGC

Өрт туралы хабар сағат 16.45-те жеткені белгілі болды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға сегіз техника мен 28 жеке құрам қатысты.

Өрттің ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Бөлімде хабарланғандай, зардап шеккендер жоқ.

депутатский
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД: UGC
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі дәнекерлеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болуы мүмкін.

Құрылысы салынып жатқан екі қабатты үйдің шатыры өртеніп жатқаны хабарланды. Айта кетерлігі, бұл аймақты тұрғындар "депутат қалашығы" деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813251-nr-sltanda-deputat-kalasygynan-rt-sykty-foto-video/

pixel