Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында велосипед мінген жас жігітті көлік қағып өлтірді

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы тасжолда велосипед мінген 19 жастағы жігіт көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ммммммм
Көрнекі фото: novosti.az: Facebook

Ақтөбе облыстық ПД мәлімдеуінше, жол апаты 23 тамыз күні Белқопа ауылына жақын маңда, «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болыпты.

Велосипед айдаған жігіт реттелмеген жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан.

Ал «Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі Қарабұтақ ауылынан Хромтау қаласына қарай шығыпты.

Рөл тізгінінде болған шалқарлық азамат сол бағытпен жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан велосипедшіге жол бермей, 19 жастағы жігітті қағып кеткен.

Апат салдарынан жас жігіт оқиға орнында тілге келместен көз жұмған.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813314-aktbe-oblysynda-velosiped-mingen-zas-zigitti-klik-kagyp-ltirdi/

pixel