Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы жарылыс: Оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды

Опубликовано:

Желіде Алматы облысындағы газбетон блоктарының өндірісмен айналысатын цехтегі жарылыс орнынан суреттер мен видео пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kris.p.almaty
Фото: instagram.com/kris.p.almaty: Getty Images

Ғаламторда жарияланған бейнематериалдардан төтенше жағдайдың зардаптарын көруге болады. Цех ғимараты жартылай қирап, қақпа зақымданған. Оған қоса, мекеменің қасында орналасқан бірнеше үйде терезелері шағылып, төбесіне зақым келді.

Автокөліктердің бірі мүлде металл үйіндісі болып қалған.

Айта кетейік, төтенше жағдай орнында бір адам қаза тапты. Тағы бірнешеуі ауруханаға жеткізілген.

Фото: instagram.com/kris.p.almaty
Фото: instagram.com/kris.p.almaty: Getty Images

Сонымен қатар, Zakon.kz жазуынша, марқұм ер адам аталмыш мекеменің қыметкері болған. Оған қоса, ол жерде оның отбасы да жұмыс істейтін болып шықты.

Облыстық әкімдік қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

"Облыс әкімінің тапсырмасымен зақымданған үйлер алдағы екі-үш күнде мекеменің ақшасына қалпына келтірілетін болады. Құбыр құлаған балабақшаның ауласы да жөнделеді" , - деді әкімдік өкілдері.

Барлық жұмыстар алдағы екі-үш күнде аяқталуы тиіс. Аталмыш мәселе облыс әкімі Амандық Баталовтың жіті бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы цехте жарылыс болып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813826-almaty-oblysyndagy-zarylys-okigaga-katysty-zaa-derekter-anyktaldy/

pixel