Шымкентте мектеп оқушыларының қарулы қақтығысынан бір бала жарақат алды
Жарияланған күні:
Шымкентте мектеп оқушылары арасында қарулы қақтығыс болып, бір оқушы жараланды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Тапа-тал түсте екі мектептің оқушылары топтасып, бір-біріне тас атқан. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыс кезінде екі рет оқ атылған. Төбелеске 30 шақты бала қатысқан.
"Бірінің арқасынан бірі қуалап келе жатты. Қолдарында обрез. Біреуінде ОСА-ау деймін, екі рет атты. Тура Сайрам мөлтек ауданы, жолдың бойында. Ар жағындағы қарсыластары таспен ұрды. Бірін бірі қуалап, ақырында біреуін мына жерге келіп пышақтады, сол кезде полицейлер келді", – дейді куәгерлердің бірі.
Пышақталған 11-сынып оқушысы. Қолынан жараланған оған жедел жәрдем шақыртылды. Бұзақылық жасаған бес-алты баланы полиция алып кеткен. Оқиға орнында криминалистер жұмыс істеуде.
Басылымның мәліметінше, жанжалдасқан көршілес екі мектептің жоғары сынып оқушылары көрінеді. Сол маңда болған оқушының бірі өзара мықтыны анықтау үшін жанжал туғанын айтады.
Ал жарақат алған баланың ұстаздары оның жанжалға қатысы жоғына сенімді. Олардың айтуынша, сабақтан шыққан шәкірті полицияға өзі хабар берген.
"Неге, не жағдай десек, бұл балалар топырлап бізді қуды дейді. Оқушы полиция келгенше балаларды ұстап тұрғанын айтты. Ол қолынан жарақат алды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Анасымен бірге хирургқа алып кетті", – дейді директордың орынбасары .
Қазір полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Дәрігерлер жарақат алған оқушының жағдайы жақсы болған соң үйіне жіберілгенін хабарлады.
А. Төребекқызы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815479-symkentte-mektep-okusylaryny-karuly-kaktygysynan-bir-bala-zarakat-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.