Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар қаскөйдің қолынан қаза тапқан сәбидің өлімінің себептерін атады

Опубликовано:

Қарағандылық сарапшылар үш жасар бала өлімінің алдын-ала себептерін айтты. Сот медициналық сараптаманығ қызметкерлері баланың денесінен әртүрлі жарақат іздерін тапқан. Біздегі мәлімет бойынша, ол тұншықтырылған, алайда оған дейін соққыға жығылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Қол жұмсау дерегін зерттеу барысында анықталған баланың денесіндегі әртүрлі жарақаттар растайды.

Кішкентай баланың бірнеше қабырғасы сынып, бас сүйек-ми жарақатын алып, бас сүйегінің күмбез сүйегі мен негізі зақымдалып, бас миының екі жарты шары жұмсақ ми қабыршағынан қан кетіп және оң жақ өкпенің жарылғаны анықталды.

"Механикалық тұншығу мойынның, кеуденің қатты затпен қысылуынан басталған. Бұл алдын-ала жасалған диагноз. Бұл толығымен гистологиядан кейін белгілі болады", - деді қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 5 қыркүйек күні ұрланған сәбидің денесі 8 қыркүйекте табылды. Артынша нақты өлген күнін анықтау үшін мәйітке сараптама тағайындалды.

Дүкен маңында таныс келіншекке жүгіріп келіп, оның қолынан бүлдіршінді ұрлап кеткен азаматқа республикалық іздеу жарияланған.

Биыл күдікті түрмеден уақытынан бұрын босап шыққаны белгілі болды..

Жуырда баланың анасы мен күдіктінің кездескені, сондай-ақ, Игентай Сопыжанов осыдан төрт жыл бұрын сүйіктісінің туған әпкесін өлтіргені анықталды. Күдікті Қарағандыда қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815820-sarapsylar-kaskjdi-kolynan-kaza-tapkan-sbidi-limini-sebepterin-atady/

pixel