"Тараздың" экс-ойыншысы полициямен төбелесе жаздады (видео)
Опубликовано:
Қазақстандық "Тараз" клубының бұрынғы ойыншысы әрі Украина құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Александр Алиев полицейлермен жұдырықтаса жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украинадағы футболшы мен полиция қызметкерлері арасындағы қақтығыстың видеосы әлеуметтік желілерге тарады
Шамамен, шиеленіс жол потрулінің Алиевтың көлігін тоқататқаны үшін туындаған.
Кадрда "Тараздың" экс-ойыншысының құқық қорғау органдарымен дөрекі әрі сес көрсетіп сөйлегенін анық естуге болады.
"Сен ештеңе білмейсің. Қолыңда тапаншаң болмағанда ...", - дейді ол полиция қызметкерінің біріне бейәдеп сөздерді жаудыртып.
Александр Алиев 2016 жылы "Тараз" атынан шығып, тоғыз матч өткізіп, бір рет гол соққан. Өткен жылы ол футболшы мансабын аяқтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816161-tarazdy-eks-ojynsysy-policiamen-tbelese-zazdady-video/