Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы жарылыстан балабақшаға зақым келді (фото)

Опубликовано:

Түркістанда болған жарылыс пен өрт әкелген зардаптың көлемі белгілі болды. Қонақүйден бөлек, төтенше жағдай болған маңайда орналасқан балабақша да зардап шекті деп хабарлайды "Отырар"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Отырар
Фото: Отырар: Depositphotos

Хабарланғандай, ТЖ кезінде зардап шеккен 5 адам әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Қонақүй ғимараты түгелдей дерлік қираған. Сондай-ақ, оның жанында тұрған балабақшаның да жарылыстан зардап шеккені анықталды.

Фото: Отырар
Фото: Отырар: Depositphotos

Жарылыс толқыны балабақшаның терезелерін шағып жіберген. Абырой болғанда адамдар зардап шекпеген. Балабақшаны жабуға тура келді. Мекеме қызметкерлері сынған әйнектерді жинастыруда.

Фото: Отырар
Фото: Отырар: Depositphotos

Меңгерушінің сөзінше, ТЖ кезінде балабақшада балалар болмағандықтан, олардың жолы болыпты.

"Мында міне әйнектер сынған, сыртта да дәл солай. Қайта қоюға тура келеді. Біз жалынды көргенде бірден қашып үлгердік, сосын жарылыс болды, топалаң басталды. Ол кезде балалардың болмағаны жақсы болды", - деді болған оқиға туралы Сабира Құдайбергенова.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістанда жарылыс болып, өрт басталды. Жарылыс камераға түсірілді. Жалын қонақүйдің шатырын жалмады. Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816166-trkistanda-zarylystan-balabaksa-zardap-sekti-foto/

pixel