Ауыл тұрғындарынан ақша жинаған топ ұсталды
Опубликовано:
Жуырда Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Арлан" арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған қаруланған топты ұстады.
Қарақшылар қылмысқа екі айдай дайындалған, қалалық кәсіпкердің тұрғылықты жерін, қызметін бақылаған. Қаскүнемдер пәтерде үлкен көлемдегі ақшаның және құнды заттардың барын білген. Бұрын сотты болған Тараздағы 7-ші ықшам ауданының 22 жастағы тұрғыны және 1-ші ықшам ауданының 25 жастағы тұрғыны капронды бетперде киіп, өздерімен бірге 5,6 мм, кіші калибрлі винтовка, төрт оқ-дәрі және шүріппелі пышақтары болған. Қазір ұсталғандардың екеуі де УҚҰИ-ге жеткізіліп, айыптарын мойындады. Ұсталғандардың басқа да жасалған ауыр қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталуда. Нұржан ҚАЛМЕТОВ, Жамбыл облысы ІІД ҰҚҚКБ бастығы, полиция полковнигі: Бірнеше күн бұрын біз ҚР ІІМ Оңтүстік ӨҰҚҚКБ бірігіп, Тараздан теміржол көлігі саласында ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін алматылық әріптестердің іздеуінде болған қылмыскерді ұстадық. 45 жастағы ОҚО тұрғыны 2-ықшам- аудандағы жалдамалы пәтерде жасырынған. Сондай-ақ Шу ауданы Аша ауылының 25 жастағы бопсалаушы тұрғыны 50 мың теңге алу үстінде ұсталды. Бопсалаушы екі жыл бойы күш көрсету арқылы ауыл тұрғындарынан ақша жинаған Шу қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері болып шықты.
Бопсалаушы екі жыл бойы күш көрсету арқылы ауыл тұрғындарынан ақша жинаған Шу қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері болып шықты.
Қаскүнем қамауға алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/181645-auyl-tyrgyndarynan-aksha-zhinagan-top-ystaldy/