Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соғысты: 13 адам зардап шегіп, бір әйел қаза тапты

Опубликовано:

Шымкентте жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып,​ салдарынан 13 адам зардап шекті. Соынмен бірге, бір адам қайтыс болған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған автобустың кондукторы - қоғамдық көлік жүргізушісінің жұбайы деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Instagram

Жол көлік оқиғасы бүгін, 16 қыркүйекте таңғы 07.20 шамасында орын алған.

Назарбаев даңғылы мен Бәйтереков көшесі қиылысында "Тойота камри" жеңіл көлігі мен 40-шы бағыттағы жолаушылар автобусы соқтығысып қалған.

"Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетуде. Оқыс жағдайдан 13 адам зардап шеккен.

Он үш зардап шегушінің үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде. 

Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азаматша оқиға орнында қайтыс болды,"-деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816754-symkentte-avtobus-pen-zeil-klik-sogysty-13-adam-zardap-segip-bir-jel-kaza-tapty/

pixel