"Өз-өзіне қол жұмсады": Александр Глазконың неден қайтыс болғаны анықталды
Опубликовано:
Астанаға іссапармен келген Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Александр Глазконың неден қайтыс болғаны анықталды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдегендей, ол өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өз-өзіне қол жұмсады. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде көз жұмған, жарақат алған барлық қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі", – деді министр үкімет кулуарында.
Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметкерінің астанаға норматив тапсыру үшін келгенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшысының орынбасары Александр Глазко қайтыс болды.
Бұған дейін БАҚ өкілдері оның денесі елордадағы қонақ үйлердің бірінен табылды деп хабарлаған.
Александр Глазко қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2002 жылы бастаған. 2017 жылдың ақпан айынан бері Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819765-z-zine-kol-zmsady-aleksandr-glazkony-neden-kajtys-bolgany-anyktaldy/