"Қара джип мінген": Алматыда бар алдында тұрған жігіттерді пышақтап кетті
Опубликовано:
Қыркүйектің 30-на қараған түні Алматыдағы Жароков көшесінде орналасқан бардың жанында қанды оқиға орын алды деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, бір топ жас жігіт бардың кіреберісінде тұрған басқа топқа тап берген.
Нәтижесінде екі адам есінен танып, біреуінің сол жақ иығы мен жауырын тұсына 5 рет пышақ салынған.
"Шабуыл жасағандар "дөкей" нөмірлі қара джипке мініп, оқиға орнынан ізін суытты", – дейді куәгерлер.
Қалалық полиция департаменті күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған тиісті шаралар кешені жүргізіліп жатқанын жеткізді.
"Болған оқиғаны Бостандық аудандық полиция бөлімі тексеруде. Арыз келіп түскеннен кейін ҚР ҚК-нің 293 бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру бөлімшелері мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері арасынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Қазір күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған тиісті шаралар кешені жүргізілуде. Қылмыстың өзге жайттары тергеу барысында белгілі болады", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1819809-kara-dzip-mingen-almatyda-bar-aldynda-trgan-zigitterdi-pysaktap-ketti/