Таксистің қыз зорлауы: Тергеуші жұмыстан шеттетілді
Опубликовано:
Павлодар облысы ПД басшысының сөзінше, бүгін ол зорлау туралы қылмыстық іспен айналысқан тергеушіні қызметінен босату туралы бұйрық берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысы ПД басшысының ақпаратынша, бірнеше жетекшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал тергеушіні тергеуді нашар жүргізіп, қателік жасағаны үшін қызметінен шеттету туралы шешім қабылданған.
Еске сала кетейік, Павлодар тұрғыны өзін такси жүргізушісінің зорлап, телефонын тартып алғанын хабарлаған болатын.
Күдікті ұсталғаннан кейін қызды зорламағанын, жолақысын төлеуден бас тартқаны үшін телефонын алып қойғанын мәлімдеді.
Кейіннен қыз зорлау ісі бойынша полицейлерге қатысты тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820500-taksisti-kyz-zorlauy-tergeusi-zkmystan-settetildi/