Павлодарда таксистің қыз зорлауы: Тергеуші қызметінен босатылды
Опубликовано:
Павлодарда тәртіп сақшыларына қатысты жүргізілген қызметтік тексеріс аяқталды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің басшысы генерал Амантай Әубәкіров тергеушінің қызметтен босатылғанын хабарлады.
Бұл шешімнің себебі "тергеу сапасының төмендігі" болған.
Сондай-ақ, басқарма басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, осыған дейін қыз зорлады деген күдікке ілінген таксист ұсталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820567-pavlodarda-taksisti-kyz-zorlauy-tergeusi-kyzmetinen-bosatyldy/