Екібастұзда үйіне көршісінің балконы арқылы кірмек болған ер адам көз жұмды

Опубликовано:

7 қазан күні сағат 15:40-та Королев көшесі, 92-ші үйде тұрғындардың бірі абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің балконынан құлап кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екібастұзда үйіне көршісінің балконы арқылы кірмек болған ер адам көз жұмды
Көрнекі фото: news-r.ru: Facebook

Бұл туралы агенттікке полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтеріне кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлаған соң түрлі жарақат алған тұрғын көз жұмған.

Сондай-ақ, сол күні сағат 00:53-те Екібастұз қалалық ауруханасына екі аяғы сынған 37 жастағы ер адам жеткізілді.  Ол екінші қабаттан құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820903-ekibastzda-jine-krsisini-balkony-arkyly-kirmek-bolgan-er-adam-kz-zmdy/