Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында аурухана дәлізінен жас жігіттің мәйіті табылды

Опубликовано:

человек лежит на полу, рука крупным планом
pixabay.com: Twitter

Ақтөбе облысының Алға ауданында жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, мерт болған жас жігітті күдіктілер аурухана дәлізіне тастап, өздері қашып кеткен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аурухананың кезекші қызметкері үш адамның қара түсті көлікпен келгенін полицияға хабарлаған.

«Алға аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөлімі барлық тәртіп сақшыларына хабар берді. Патруль полиция ротасының екі қызметкері Махамбет Садықов пен Бердібек Бекқали тас жолды күзету кезінде барлық қара түсті көліктерді тоқтатты.

Көп ұзамай Бестамақ ауылына кірер тұста үш ер адам мінген қара-көк түсті «Лексус» автокөлігі тоқтатылды. Олардың іс-әрекеті полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған.

Көлікті тексеру кезінде күдіктілердің бірі жанжал барысында жас жігітке пышақ салғанын, марқұмның оқиға орнында көз жұмғанын айтып, кінәсін мойындады.

Сол жерді пышақ тәркіленді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821115-aktbe-oblysynda-auruhana-dlizinen-zas-zigitti-mjiti-tabyldy/

pixel