Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер сілкінісі болды

Опубликовано:

Алматыда бүгін түнде қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Жер асты дүмпулерінің күші екі баллды құрады.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

"ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 03.49-да жер сілкінісін тіркеді.

Ол Алматы қаласынан 140 шақырым жерде болған.

Жер асты дүмпулерінің күші (МЅК-64 шкаласы бойынша): Саты кентінде - 3 балл, Алматыда - 2 баллды құрады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға, "Қазселденқорғау" және басқа да ұйымдарға хабарландырылды деп хабарланды ведомствода.

ЖП ЖБО деректері бойынша, полицияның патрульдік нарядтарынан патрульдік учаскелердегі зақымдар мен қираулар анықталған жоқ.

"Қазселденқорғау" ММ АТЭТУ хабарлағандай, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қаупі бар және сел қаупі бар учаскелерде деформациялар мен бұзылулар анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821135-almatyda-zer-silkinisi-boldy/

pixel