Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайлық дәрілер іштім": "Қалаулым" жұлдызы өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы, атышулы Замира Сұлтан осы уақытқа дейін өз-өзіне екі рет қол жұмсағысы келгенін айтты. Желіде жиі талқыға түсетін ол ажал құшу үшін бір бума дәрі ішкен күндерін еске алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Бұл жайында "Қалаулым" жұлдызы Шах-Керім Кәрменовке берген сұхбатында мәлімдеді.

"Екі рет суицидке барғанмын. Бірінші рет ініммен ұрысқан кезде анам соны жақтады. Сол кезде менде "күйеуіммен ажырасып келіп отырғанда неге " деген ой пайда болды да, 30 дана димедрол ішіп қойдым.

Ал екінші рет 2013-те. Ол уақытта арықтау үшін қытайлық дәрілерді ішіп, есте сақтау қабілетім бұзыла бастады. Қайда бара жатқанымды, не істеп жатқанымды ұмытатын болдым, күнім мен түнімді шатастырып алдым.

Ешкіммен ұрыспағанмын, бірақ 30 таблетка ішкенім есімде бар, артынан 70 таблетка іштім. Дегенмен, 70-тің бәрін ішіп үлгермедім. Алпыстан асқанда құрбым келіп қалды", - деді ол.

Осылайша, ауруханадан бір-ақ шыққан Замира үшінші күні оянған. Бірақ, одан кейін "Қалаулым" қатысушысының ұйқысы бұзылып, тыныштығы кеткен.

"Бір апа бар. Сол кісі мені оқып берді. Мен өз-өзіме қол жұмсау әрекетінен кейін екі апта ұйықтамадым. Ұйқы қысады.

Есікті жауып, ұйықтайын десем, шайтандар мені қылқындырады.

"Неге сен есікті жаптың дегендей, терезеден түсіме кірді. Біресе апам, біресе құрбым қасымда отыратын болды. Тек күндіз ұйықтап жүрдім. Өйткені, бәрі ұйықтап қалса, шайтан мені қысады", -деп баяндады Замира.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821651-sajtandar-kylkyndyrady-atysuly-zamira-z-zine-ne-sin-kol-zmsamak-bolgan/

pixel