Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел күйіктік шоктан шықты
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген әйел тоғыз тәулік бойы жансақтау бөлдімінде жатып, өмірі үшін күресуде – денесінің 75 пайызын күйік шалған науқастың жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Науқас тоғыз тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатыр – жағдайы ауыр, бірақ күйіктік шоктан шықты. Гемодинамика тұрақты емес, өмірлік маңызды органдардың қызметі дәрі-дәрмектердің күшімен қоғалуда.
Болжамдар күмәнді – оларды айту әзірге ерте. Науқастың жағдайы – тұрақты ауыр. Күйіктік шоктан шыққанымен, әлі ес-түссіз жатыр", – деп мәлімдеді Ғылыми-зерттеу институтының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Ербол Төлегенұлы.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Нұр-Сұлтанда отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1822295-nr-sltanda-kjeui-rtep-zibergen-jel-kjiktik-soktan-sykty/