Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда қос жасөспірім қыз елудегі әйелді сабап өлтірген

Опубликовано:

Қостанайда 17 және 14 жастағы жасөспірімдер егде тартқан әйелді соққыға жыққан. Ауыр жарақат алған 51 жастағы қала тұрғыны ауруханада қаза тапты деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Телеарнаның мәліметінше, оқиға екі ай бұрын шаһардағы "Строитель" шағын ауданында болған. Көп қабатты үйдің ауласында екі бойжеткен егде жастағы әйелді өлімші етіп сабап тастаған. Ауыр соққы алған келіншек ауруханада көз жұмған.

Тұрғындардың сөзінше, жасөспірімдер бұған дейін көп қабатты үйлердің кіре-берісінде желім иіскеп желігіп, көптің көзіне түскен екен.

Күдікті қыздардың қай мектепте оқығаны белгісіз. Екі қызға қатысты қозғалған қылмыстық істі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралмақ.

"Қылмыстық іс Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың қарауында. Күдіктілер ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы 3 бөлімі, яғни "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айыпталып отыр", - деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.

З.Санай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1823352-kostanajda-kos-zasspirim-kyz-eludegi-jeldi-sabap-ltirgen/

pixel