Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында браконьер ұлын қорғамақ болған әке инспекторға оқ атты

Опубликовано:

Түркістан облысында су қорғау инспекторларына браконьерлер оқ атты деп жазады өңірдегі ПД сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: armourer.ru
Көрнекі фото: armourer.ru: Facebook

Зардап шегуші оқиғаның Шардара су қоймасында түнгі уақыттағы рейд кезінде болғанын айтты.

Су қоймасы маңында заңсыз балық аулап жатқан браконьерлер көзге түседі. Инспекторды көрген олар қашып кетуге тырысады. Бірақ 17 шақырымнан кейін олардың қайығы таяз жерге келіп жүрмей қалады.

Осы сәтте жағажай маңына басқа да адамдар келіп, алдымен инспекторларды қорқытып, артынша оларға оқ атады.

Қаскөйлер қорықшылардың аяқтарына атқан. Олар су қорғау қызметкерлерінің телефондарын алып, көліктеріне мініп, кетіп қалған.

Күдіктілердің бірі кейінірек өзінің үйінен ұсталды. Ер адам инспекторларға оқ атқан деп күдіктелуде.

Қамауға алынған ер адам қашып кеткен браконьерлердің бірінің әкесі болып шыққан.

Оның үйінен 16 калибрлі аң аулайтын мылтық пен зардап шегушілердің ұялы телефондары табылған. "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1823651-trkistan-oblysynda-barkoner-lyn-korgamak-bolgan-ke-inspektorga-ok-atty/

pixel