Алматыда автобус жанып кетті: Жүргізуші өртті өзі өшірмек болған (фото)
Опубликовано:
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында автобус өртеніп кетті. Қалалық ТЖД оқиғаға қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сағат 6:45-те Бостандық ауданы Әл-Фараби мен Хожанов көшелері қиылысында автобустың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген кезде батыс бағытта келе жатқан Yutong маркалы №32 жолаушылар автобусы жанып жатты",- деді ТЖД.

Анықталғандай, автобус жүргізушісі өртті өзі өшіруге тырысқан. Абырой болғанда, автобуста жолаушылар болмаған. Өрт 6 минутта ауыздықталып, сағат 07:04-де сөндірілді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД 11 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1823829-almatyda-avtobus-tgi-kalmaj-zanyp-ketti-foto/