Ақорда маңындағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құлап кетті (фото)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда "Жайлылық аймағы-1" тұрғын-үй кешенінің іргетасы шытынап, қисайып тұрған блогы жерге құлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер блоктың қазіргі жағдайын видеоға түсірген. Бірінші қабаты ажырап кеткен үй толығымен жерде жатыр.

Ролик желіде жарияланған.
Айта кетсек, тұрғын-үй кешені қазір бұзу кезеңінде. Қолданысқа жарамайтындықтан, оны бұзып, орнына жаңасын салмақшы.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Жайлылық аймағы - 1" тұрғын үй кешенінің құрылысы бітпеген блоктарының бірінің іргетасы шытынап, қисайып қалған. Қатты көлбеу бұзу кезінде пайда болғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824126-akorda-mayndagy-krylysy-aaktalmagan-trgyn-j-klap-ketti-foto/