Алматыда тұрғын үйдегі өрттен алты адам құтқарылды (фото)
Жарияланған күні:
Алматы қаласының Алмалы ауданында болған өрт кезінде 6 адам құтқарылып, 20 - дан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде бес бала бар. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазанның 26-нан 27-не қараған түні сағат 00: 42-де ТЖД 101 пультіне мазасызданған тұрғындардан Шағабутдинов көшесі, 133 мекен-жайында орналасқан подъездегі түтін туралы қоңырау келіп түскен.
Сағат 00:50-де алғашқы өрт сөндіру бөлімі келіп жеткен сәтте бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқан. Бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін қатты түтін басқан.
Өрт сөндірушілердің көмегі арқылы түтінге толы пәтерден өздігінше шыға алмаған 1949 жылы туған әйел құтқарылды.
Қабылданған жедел іс-әрекеттермен жоғарыда көрсетілген пәтерлерден өз үйлерін тастап кетуге мүмкіндігі жоқ тағы бес қарт адам құтқарылды, сондай-ақ 23 адам эвакуацияланды, оның бесеуі балалар.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері үй тұрғындары арасында үрей туғызбай, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті.
Оқиға орнына барлығы 17 адам, алты бірлік техника жұмылдырылды.
Анықталғандай, пәтердегі үй заттары жанған. Он бес шаршы метр көлеміндегі өрт 10 минутта сөндірілді. Оқиға себептері анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824310-almatyda-trgyn-jdegi-rtten-alty-adam-ktkaryldy-foto/