Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында рэкеттер жүк көлігін тонап кетті

Опубликовано:

Жүк көлігін тонап, жүргізушіден жол сөмкесі мен 105 мың теңге көлемінде ақшасы бар әмиянын, сондай-ақ телефонын тартып алған қылмыстық топ ұсталды деп жазады Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Оқиға 24 қазан күні "Алматы - Өскемен" тас жолында болған.

Оқыс жағдайдан соң жүк көлігінің жүргізушісі Кербұлақ аудандық полиция бөлімшесіне барып, жолдың 126-шақырымында шабуылға тап болғанын хабарлапты. Белгісіз үш адам оның мүлкін алып, қашып кеткен.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді тез арада анықтаған.

Олар Алматының 25 және 32 жастағы тұрғындары мен Қарасай ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шыққан. Олардың екеуі бұған дейін ұрлық жасағандары үшін сотталған.

Одан бөлек, полиция ұсталғандардың бірі - зардап шегуішінің танысы екенін анықтапты. Ол жүк көлігінің бағытын біліп, сыбайластарын қылмыс орнына апарған.

Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, қылмыстық істе заттай айғақ ретінде тіркелген.

Күдіктілер қамауға алынып, олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824467-almaty-oblysynda-reketter-zk-kligin-tonap-ketti/

pixel