Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көліктің қолды болуы, айнаның ұрлануы немесе сызат түсіріп алу: артық шығындардан қалай қорғануға болады?

Опубликовано:

Бәріміз Алматыдағы жылу трассасының жарылып, көшенің қайнаған су астында қалғаны туралы жаңалық көрдік, видеосын қарадық. Тағы бір оқиғаны еске түсіре отырайық: өткен аптада алматылық тұрғын әлдебір жүргізушінің көлігін өрт сөндіруге арналған баллонмен ұрып, зақымдады. Бұл екі жағдайды біріктіретін ортақ дүние бар: екеуінде де көлік иелері шығынға ұшырады. Бірақ мұның алдын алуға болар еді. Қалай дейсіз бе? Толығырақ айтып беруге рұқсат етіңіздер.

Автокөлікті айдап әкету, айна ұрлау немесе сызат түсіру: артық шығындардан өзіңді қалай қорғауға болады?
Фото: NUR.KZ: Facebook

Көбінесе жүргізушілер тек жол-көлік оқиғасы мен оның салдарынан қауіптенеді. Бұл түсінікті де, себебі жол-көлік оқиғалары – көлікке қатысты ең жиі орын алатын оқиғалардың бірі. Әрине, мұндай жағдай болып жатса, міндетті сақтандыру полисі қолданылады, ол бойынша қарсы тарап кінәлі болса, өтемақыны сіз аласыз, ал апат сіздің кінәңізден болса, сақтандыру компаниясы зардап шеккен адамға жөндеу жұмыстарына деп ақша төлейді. Бірақ соңғы жағдайда сізге көлігіңізді жөндеуге кететін қаражатты өз қалтаңыздан шығаруға тура келетінін есте сақтаған жөн. Ал жол-көлік оқиғалары – кез келген көлік иесі ұшырауы мүмкін қатерлердің бірі ғана емес пе?

Тұрақта тұрған көлігіңізді біреу сырды да, сізге хабарласпай қашып кетті. Немесе көліктің алдыңғы әйнегін тас тиіп, зақымдады. Яки жолда кездескен үлкен шұңқырға шанақты сырып алдыңыз. Айна ұрланды. Көлік қолды болды. Таныс жағдайлар ма? Естіп-көріп жүрген, тіпті өзіңіз жолықтырған жайсыз дүниелер болар? Бұл қатерлердің бәрінде аяқасты пайда болған шығын әдетте жүргізушінің қалтасынан жабылады.

Себебі міндетті «сақтандыру» мұндай дүниелердің бәрін қамтымайды, ал жөндеу жұмыстарына кететін ақша әжептеуір үлкен болуы мүмкін. Осы жағдайда ерікті сақтандырудың бір түрі «Каско» көмекке келеді. Ол көлікке сызат түсу немесе ағаш, мұз сүңгісінің құлауы бастап, оның ұрлануы, өрт пен суда қалуына дейінгі алуан түрлі қатерлерден сақтандырады.

Amanat компаниясы кем дегенде 17 қатерді қамтитын және кез келген жерде кез келген жағдайда тәулік бойы күшінде болатын «Каско» сақтандыруын ұсынады. Бұл қатерлердің қатарында жоғарыда аталғандардан бөлек табиғи апаттар, көлікті әлдебір кедергіге ұрып алу, төселген жолдың опырыла құлауы, әйнекке тас тию, көлік дөңгелектерінің, айналарының және басқа бөлшектерінің ұрлануы, жануарлардың капот астына кіруі секілді түрлі жағдайлар кіреді.

Amanat компаниясы көлік ұрланған жағдайда оның құжаттары мен кілті салонның ішінде қалса да, автоның өзі күзетілмейтін тұрақта болса да өтемақы төлейді. «Өзің кінәлісің» деген түсінік жоқ.

Сондай-ақ компания машинадағы сымдардың тұйықталуынан туындаған өрт жағдайында да ақша төлеуден бас тартпайды. Көлік балық аулау кезінде мұз астына түсіп кетсе; қозғалыс кезінде тас тиіп, лак-бояу жабынына сызат түссе де өтемақы алуға болады. Ал машина толық жарамсыз болып қалса, төлем оның құнының 95%-ын құрайды.

Автокөлікті айдап әкету, айна ұрлау немесе сызат түсіру: артық шығындардан өзіңді қалай қорғауға болады?
Фото: Unsplash.com: Facebook

Осы айтылған жайттардың бірі болып жатса, Amanat ұсынған «Каско» сақтандыруының иелері барлық қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін екі күн ішінде ақша ала алады. Айтпақшы, компания менеджерлері құжат жинауға көмектеседі.

Бұдан бөлек тағы бірнеше пайдалы дүниені атап өту керек. Бұл бонустарды ешқандай сақтандыру оқиғасынсыз қолдануға болады. Мәселен, «Каско» иелері тегін техникалық көмек ала алады: аккумулятор отырып қалса, дөңгелектің желі шығып кетсе немесе кенеттен бензин таусылса – компанияның апаттық комиссарлары келіп, көлікті оталдырып береді, дөңгелекті ауыстыруға немесе үрлеуге көмектеседі, жақын жанармай құю бекетіне дейін жетуге жеткілікті бензин әкеледі.

Amanat ұсынған «Касконың» тағы бір артықшылығы: компания клиенттеріне эвакуаторды тегін шақыру мүмкіндігі беріледі. Ешқандай жол апатынсыз көлік жай бұзылып қалса да, бұл қызметті алуға болады.

Жол-көлік оқиғасына түскен жүргізушінің өзі үшін компания өкілдері оқиға орнына такси шақыртып, келген шығынды бағалау қызметінің бағасын өтейді, ал автокөлікті жөндеу жұмыстары елдегі ең сапалы орындарда жүргізіледі.

Күтпеген жағымсыз жайттар және жазатайым оқиғалардан толық қорғану мүмкін емес. Бірақ болуы мүмкін қаржылай шығынды барынша азайту – сіздің қолыңызда.

Amanat ұсынған «Каско» сақтандыруын компанияның call-орталығына 7310 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы рәсімдеуге болады. Айтпақшы, сақтандыруды бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1824746-klikti-koldy-boluy-ajnany-rlanuy-nemese-syzat-tsirip-alu-artyk-sygyndardan-kalaj-korganuga-bolady/

pixel